Close

TANSU Global | TANSU Kazakhstan

RU | KZ

Біз туралы

1995 жылдан сатушыдан өндірушіге дейінгі жолдардан өтіп, экспорттаушы компания бола отырып, біз әртүрлі бу, жылыту, су жылыту және мұнай өңдеу жабдығын әзірлеп, жасап шығарып, үлкен тәжірибе жинақтадық, Қазақстан мен ТМД басқа елдерінде өнімнің 90%-ын сатамыз

Нарықта 25 жыл

Өндірістік қуаты 5 000 м2

100-ден аса кәсіби мамандар

Өндіріс мекенжайы:

Қырғыз Республикасы Бішкек қ., Калык-Акиев көш., 52, TANSU LLC.

"TANSU" компаниясының тарихы

РФ аумағында қолдануға Федералды қызметтің экологиялық, технологиялық және атомдық бақылау бойынша рұқсаты бар. Кедендік Одақтың Сертификаттары бар. Швеция мамандарының жетекшілігімен IS0:9001 /14001 стандарттарына сәйкес, сапа менеджментінің жүйесі енгізілді.

Бүгінгі таңда «TANSU» компаниясы – бұл тұрақты кәсіпорын, оның штатында арнайы оқудан өткен және тиісті рұқсаттамаларын алған жүзден аса білікті мамандар жұмыс істейді. Компанияның заманауи жабдықтармен жабдықталған өндірістік базасы бар.

Компанияның жұмысы тиімділігі жоғары, қауіпсіз, сертификатталған өнімдердің кең сұрыптамаларын әзірлеп, оларды жасап шығарып, сатуға, сондай-ақ өз жабдықтарын монтаждау және жөндеу бойынша қызмет көрсетуге, кепілдік, сервистік қызмет көрсетуге бағытталған.

«TANSU» компаниясы Қазақстандағы, Ресейдегі, Қырғызстандағы, Өзбекстандағы және Тәжікстандағы халықаралық көрмелердің тұрақты қатысушысы болып табылады. Сібір жәрмеңкесінің үлкен және кіші алтын алқаларымен, Кузнецк жәрмеңкесінің алтын алқасымен марапатталған, сонымен қатар «Энергияны үнемдеуші жабдық» аталымы бойынша көптеген марапаттар мен дипломдарға ие.

1995 ж. «ТАНСУ» ЖШҚ негізінің қалануы

1996 ж. Қырғыз Республикасының Сауда-Өнеркәсіптік Палатасының мүшесі болуы

2000 ж. Жеке өнімін шығаруы – отынның барлық түрімен жұмыс істейтін су жылытқыш қазандықтар, электрлі су жылытқыштар және басқа да қосымша жабдық

2000 ж. Халықаралық көрме «Бішкек-2000» жәрмеңкесіндегі Алтын Медаль

2001 ж. «Кузнецк Жәрмеңкесінің Алтын Медалі» байқауында Жоғары ПӘК бар қатты отында жанатын қазандықтың бірегей құрастырымы үшін Кіші Алтын Медаль

2002 ж. Жалпы Сібірлік Политехникалық көрме-2002 «Сібір Жәрмеңкесінің Алтын Медалі» байқауында «Энергия және Ресурс үнемдегіш Технологиялар мен Материалдар» аталымы бойынша Кіші Алтын Медаль

2002 ж. Халықаралық көрме «Бішкек-2002» жәрмеңкесінің Алтын Медалі

2002 ж. Сапа бойынша «Сапат» ҚР сыйлығының Лауреаты

2005 ж. Табиғи газбен, мазутпен және дизельмен жұмыс істейтін, өнімділігі сағатына 300-ден 20 000 кг бу шығаратын бу қазандықтарын жасап шығаруы

2005 ж. Ресей Федерациясының аумағында өнімдерді қолдануға рұқсат алуы

2005 ж. Ресей Федерациясы стандартына өнімдердің сәйкестік сертификаты

2006 ж. ISO: 9001 және IS0:14001 стандарттарына сәйкес, кәсіпорынға сапа менеджментінің жүйесін енгізу

2009 ж. СІБПОЛИТЕХ-2009 көрме-жәрмеңкесінің «Сібір жәрмеңкесінің ІТЕ Алтын Медалі» байқауында «Энергия және Ресурс үнемдегіш Технологиялар мен Материалдар» аталымы бойынша Күміс Медаль

2011 ж. «Өндірілетін өнімдерінің сапасы үшін» сыйлығы

2014 ж. GSA Global Supply Медалі

2014 ж. Energy Efficiency Excellence Awards 2014, KYRSEFF марапаты

2014 ж. Кедендік Одақтың Сертификаттары

2014 ж. Шағын МӨЗ өндірісі

2016 ж. СКГ арналған ыдыстар өндіруі

2017 ж. Түптерді өндіру

2018 ж. Босаңдатуға арналған пеш

2018 ж. Гофрирлеуге арналған пеш

2019 ж. Кедендік Одақтың жаңартылған сертификаттары

Біздің клиенттер

Суреттер